Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.А. Смағұловтың жұмыс сапарымен Қызылорда қаласында болды

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.А. Смағұловтың жұмыс сапарымен Қызылорда қаласында болды

А.ж. 26 мамырда Қызылорда қаласында «Республикалық референдум ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысына учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.А. Смағұлов пен Орталық референдум комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімінің бас консультанты Ә.М. Бердібеков қатысты.

Семинар барысында референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық жұмыстары, референдум комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері қаралды. Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.

Қызылорда қалалық референдум комиссиясы