Қызылорда қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті

Қызылорда қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті

А.ж. 15 маусымда Қызылорда қаласында «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Дауылбаев қатысты.

Семинар барысында қатысушылар сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды өткізу мәселесі қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.