«Бәйтерек» тұрғын ауданы: кездесу өткізілді

«Бәйтерек» тұрғын ауданы: кездесу өткізілді

Бүгін қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы тиісті сала басшыларымен «Бәйтерек» тұрғын ауданында болып, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары тұрғындардың әлеуметтік желілер арқылы жиі жолдайтын мәселесі «Бәйтерек» тұрғын ауданына қатынайтын қоғамдық көлік қызметіне тоқталып өтті.
Кездесу нәтижесінде кесте бекітіліп, «Бәйтерек» тұрғын ауданына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі оң шешімін тапты.
Өз кезегінде, қала әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдауға елдімекен тұрғындары ризашылықтарын білдірді.