VII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда біртұтас сайлау округінің аумағы бойынша Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

 Қызылорда қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 204702 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 131106 адам немесе 64,05 пайызы алды.

Дауыс беруге 131106 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 13 сайлаушы дауыс берді, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 353 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партияларға келесідей дауыс саны берілді:

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 11935 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 9,26 % пайызы;

Қазақстан Халық Партиясы – 11678  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 9,06 % пайызы;

  «ADAL» саяси партиясы – 7223 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5,68 % пайызы;

«Nur Otan» партиясы  –  97916 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 75,99 % пайызы;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан жоғары пайыз дауыстарын алған саяси партиялар үшін келесідей депутаттық мандаттар бөлінісі белгіленді:

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2 мандат

 Қазақстан Халық Партиясы – 2 мандат

«Nur Otan» партиясы – 18 мандат

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы