Сайлау

Сайлау

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына дауыс берді.

Шаһар басшысы таңғы сағат 08:00-де Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің №207 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында және кент, қалаға қарасты ауылдық округтерде 120 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қызылорда қаласындағы сайлау учаскелерінде барлық санитарлық шаралар қамтамасыз етілетін болады.

Қала тұрғындары үшін дауыс беру учаскеңізді төмендегі сілтемеге өту арқылы таба аласыз: https://saylau.orda.gov.kz/ru, аталмыш сервисте өзіңіздің ЖСН-ді енгізуіңіз қажет.