Сағымбаев көшесінің Торайғыров көшесінен «Қызылорда–Құмкөл» автожолына дейінгі аралықта қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде.
Бұл ауқымды жобаның аясында ұзындығы 2 шақырымнан асатын жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Сонымен қатар, бағдаршам мен жарықтандыру бағаналары және аялдамалар орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынуда.
Игі бастаманы «Қыран» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалды. Оны пайдалануға беру қыркүйек айына жоспарланып отыр.