Жарық шамдарына тексеру жүргізілуде

Жарық шамдарына тексеру жүргізілуде

Шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлының тапсырмасына сәйкес түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылуда. Мақсат - қала көшелеріндегі түнгі жарық шамдарының үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету.

Аралауда қала көшелеріндегі түнгі жарық шамдары тексеріліп, анықталған ақаулар бойынша күтіп ұстайтын мердігер мекеме «Ақнұр Авто» ЖШС-не тапсырмасы беріліп, дер кезінде қайта қалпына келтірілді.

Айта кету керек, қала көшелеріндегі жарық бағаналарының қалыпты жұмыс жасап тұруы тұрақты бақылануда.