Өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Биылғы жылы қала аумағында 97 өрт оқиғасы тіркелді. Оның басым бөлігі тұрғын үй секторында және автокөліктерде тіркелген. Өрт шығуының негізгі себептері - қоқыс жағу, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрескел бұзушылықтар, сымдардың қысқа тұйықталуы және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

Өрттің алдын алу және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы үгіт-насихат шараларын күнделікті жүргізуде.