Лого
Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Жастар
2025 жылдың I-тоқсанында жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы
09 апреля 2025

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға                                       362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2025 жылы 19 млн
381 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Ақпарат ретінде:

  1. «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі
  2. «Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіруді жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі
  3. «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі
  4. «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау» әлеуметтік қызметі
  5. «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі
  6. «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» әлеуметтік қызметі
  7. «Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі
  8. «Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметі

 

Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында                   1627 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.

2025 жыл қаңтар-наурыз айынан бері атқарылған шаралар саны - 40 шара, шараларға қамтылған жастар саны – 1670, тұрақты қамтылған жастар
саны - 100, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 1627,
Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 950.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 8 жариялым жарық көрген, орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7142 оқырман бар,
30 пост жарияланған, фейсбук парақшада 4960 достығы бар,  132 пост жарияланды.

 «Qosyl kenes»  кеңес беру бағыты бойынша жыл басынан бері 
4 рет «Мүмкіндіктер алаңы» өткізілді. және @jumys.bar инстаграм парақшасында 97 бос вакансия жарияланды.

Құқық бұзушылық бойынша

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 8 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер
айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-наурыз айы 6 рет өткізілді.

Жастар мен жасөпіімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында биылғы жылдан бастап «Qosyl Ақпарат» деген атаумен жастарға ақысыз қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ақпараттандыру жұымыстарын жүзеге асырудамыз. Соның ішінде мемлекеттік бағдараламалар мен жбалар бойынша қызмет көрсететін орталықтар туралы.

Әлеуметтік жоба бойынша

«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.

Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында
«Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталқтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамышыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда.

NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында «NEET» санатындағы жастардың саны 2 331 адамды құрады.

Жастар орталығы, «Мансап» орталығы, кірістер басқармасы, полиция басқарамасы  және кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен  2210  жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталуда.

Ақпарат ретінде:

  • Сауалнама толтырылған – 729 адам

(мектеп оқушысы-1, жалдамалы жұмысшы-151, тіркелмеген жеке кәсіпкер-35,басқа елде және басқа аймақта студент ретнде оқып жатқан-51,
 үй шаруасында-102, шетелде жұмыс жасайды және тұрып жатқандар-35,
 басқа қалада жұмыс жасайды-62, мезгілдік жұмыс жасаушылар-96,
тұрақты жұмысы бар-16, жұмыссыз-124, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар такси жүргізушісі-15, өздері туралы ақпарат беруден бас тартқандар-
41)

  • Адрестік жұмыстар кезінде есігін ашпаған 734 адам бойынша учаскелік полиция арқылы байланысып, статустары толықтырылуда.
  • Мекен-жайы картада көрсетілмеген немесе анықталмаған – 260;
  • Көшіп кеткен, адрестік тіркеу өзгереген – 53;
  • Көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындар – 279;
  • Тұрғын үй орнында мекеме орналасқан –

Қазіргі таңда ОЦК бойынша 432 жас өзектендірілді.

Отбасылық цифрлық карта мәліметі бойынша  «NEET» санатындағы жастардың саны 1899 дейін азайған. Яғни, 2024 жылдың тамыз айынан бастап 687 азамат өзектенген.

Сонымен қатар, жұмыс жасауға ниетті азаматтар тізімі қалыптастырылып аймақтағы коммуналдық мекемелерге  жолданылуда. 

 Жұмыссыз жастар үшін, «Мансап» орталығымен бірлескен 4 мәрте  «Мүмкіндіктер алаңы»  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды.  Аталмыш бағыттағы жұмыстар ай сайын тұрақты өтіп отырады.

Қала және ауылдық округтер бойынша бөлініс жасалып, қайта аралау  жұмыстары барысында 412 азаматқа жоспарға сәйкес бүгінгі күні адрестік зерделеу жұмыстары жалғасуда.

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды
«Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылу жоспарда.
Аталмыш жобаның аясында жастар арасында кәсіптік және техникалық мамандықтар арасында, қаржылай сыйлықтарды қарастыра отырып байқаулар тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер ұйымдастырылады.

«Ауыл жастарына қолдау көрсету және  әлеуметтендіру», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» сынды жобаларда жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
2025 жылдың I-тоқсанында кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында атқарылған жұмыстар туралы
09 апреля 2025

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

 

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-наурыз айында
132 719 654 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 88,4% құрады.

 

Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда  95 457 567 млн теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 83,2% құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында  22 002 168 млн теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,8 % құрады. Оның ішінде:

 

Жеңіл өнеркәсіп саласыбойынша 379 875 млн теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 178,3% орындалды. Оның ішінде,киім өндіру    274 421 млн теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  232,3%, тоқыма бұйымдарын өндіру   98 921 млн теңгені немесе 85,8% құрап отыр.

 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 2 026 733 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 153% құрады.

 

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 245 964 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  166,7% құрап отыр.

 

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде   646 975 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 211,3 % орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  3 197 190 млн теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 92,6%  құрап отыр.

 

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 7 976 908 млн теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 133,5% орындалып отыр.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
Микроқаржыландыру туралы ақпарат, шағын және орта бизнесті субсидиялау
09 апреля 2025

Бүгінде, қала көлемінде кәсіпкерлердің саны 34 862 (01.03.25 жыл) бірлікке жетіп, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар 96,1%-ды немесе 33 252 бірлікті (01.03.25 жыл) құрады.

 

РИЦ бойынша:

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы құны 502,3 млн теңгені құрайтын
41 жоба қаржыландырылды.

Оның ішінде, облыс әкімінің тапсырмасы аясында 369,5 млн теңгеге 17 жоба «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту» пилоттық жобасы аясында қолдау тапты.

Бұдан бөлек, «Іскер» бағдарламасымен 132,8 млн теңгеге 24 жоба несиеленді.

Биыл, микроқаржы орталығының алғашқы бақылау кеңесі өткізіліп, 329,6 млн теңгеге 7 жоба алдын-ала мақұлданып, 40 млн теңгеге 1 жоба қаржыландырылды.

Ауыл аманаты:

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өткен жылы облысқа жалпы 4,6 млрд теңге жоспарланып, оның ішінде 612,8 млн теңгесі Қызылорда қаласының кент пен ауылдық округтеріне лимит шегінде қаралаған болатын.

Дегенмен, жоспарланған қаражаттың 2,0 млрд теңгесі бөлініп, сәйкесінше, бөлінген қаражат шегінде 332,29 млн теңгені құрайтын 43 жобаға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілді.

Осы жылы, екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған 1 681 972 200 теңгеге 32 жоба несиелері «Даму» қорымен субсидияланды.

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісінің үлесі өсуде
01 апреля 2025

Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі, сондай-ақ ондағы инвестициялық табыстың үлесі өсуде.  2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 11,46 трлн теңге болды (салыстыру үшін - 01.03.2024 ж. 8,83 трлн теңге). 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен бірге 40,3% жетті. Бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинағын қалыптастыруда алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді (01.03.2024 ж. бұл көрсеткіш 37,4% болды).  

 

Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін.

Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 наурызға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 962,28% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 851,90% көрсетті.

Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс арқылы басқа құралдар бойынша уақытша орын алған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жыл ішіндегі инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп отырды, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылып, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі - 13,74%, ал инфляция 9,4% мөлшерінде болды.

Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. 

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 13 миллионнан аса қызмет көрсетті
01 апреля 2025

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде.  Биылғы 1-қаңтар мен ақпанның 28-і аралығында халыққа шамамен 13,7 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің 4,8 млн астамы электрондық форматта, 8,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 98,6% тең болды. Жүзбе-жүз көрсетілетін форматта шамамен 190,3 мың қызмет іске асырылып, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 184,7 мың қызмет жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.

Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 529,2 мыңға жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,4 млн астамы - электрондық, ал 865,0 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында деректемелерді өзгертуге 28,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 25,9 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. 

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 7,1 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 148,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,6 мыңнан астам материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 129,2 мың.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

 

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады
01 апреля 2025

Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.

Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.  

 

НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;

- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;

- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.

НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:

  • 18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.

Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

  • НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.
  • УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.
  • БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
  • НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.
  • УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
  • НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.

 

Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.

 

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері
01 апреля 2025

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%, МҚҰ - 1,35%.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,98%.  

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге. 

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.

2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 79,11%, РЕПО операциялары – 16,11%, ҚРҰБ депозиттері – 4,29%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды.

 Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,23 млрд теңгеден асады.

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,27 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,37%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,93%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 18,68%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,96%, РЕПО – 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,74%. Атап кетейік, портфельдің 65,17% теңгемен, 33,53% АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған.  

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,56% болды.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,15 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 11,67%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,66%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,52%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,04%,  Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,84%.  

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,34%, АҚШ долларымен 31,66% тең.

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,72 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,90%, ҚР ЕДБ облигациялары – 21,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,36%, РЕПО – 11,03%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,00%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,00%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 80,36%, АҚШ долларымен 19,64%.

 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,01% болды.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,11 млрд теңге.

ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 25,91% инвестицияланды, РЕПО – 15,79%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,68%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 6,86%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,92%.

Ұлттық валютада портфельдің 80,49%, АҚШ долларында – 19,51% инвестицияланды .

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,19% болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,99 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,87%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,15%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,39%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,55%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,13%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,99%, АҚШ долларында – 37,01% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,76% болды.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты
01 апреля 2025

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе 22,6%) артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.

Кіріс

2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ  - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).  2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 58,28 млрд теңге.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99% көп.

Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 616 теңге.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына  12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,83 млн бірліктен асты. 

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 

Кәмелет жасындағы немесе 18 жасқа енді толатын жас отандастарымыз "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша есептелген қаражатын өз бетінше тексере алады
01 апреля 2025

Кәмелет жасындағы немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің нысаналы жинақтары (НЖ) туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның не электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы Жеке кабинетінен ешкімнің көмегінсіз, өз бетінше ала алады. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес олардың нысаналы жинақтау шоттарындағы (НЖШ) нысаналы жинақтың, соның ішінде ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәліметтердің құпия сақталуына кепілдік береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп беріледі. Балаларға 18 жасқа дейін аударылған қаражат нысаналы талаптар деп аталады. Ата-аналар баласының есепшотына нысаналы талаптардың аударылғанын электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинеттерінде немесе eGov Mobile ұялы қосымшасынан көре алады. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына аударылды. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.

Осы тақырып бойынша егжей-тегжейлі бейнетүсініктеме БЖЗҚ-ның  YouTube-арнасында жарияланған. https://youtube.com/shorts/XA7VJJLZydY?si=KzeH8QqKEebGjhmd

Қосшыңырау ауылдық округі
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының комиссия отырысы өткізіледі
23 марта 2025

2025 жылғы 23 наурыз сағат 18:00-де 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы отырысы өткізіледі.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі №21. Телефоны: 8(7242) 27-37-20.

Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 23 наурыз, сағат 17.30 дейін.

Социальные сети
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы