Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша
Жұмыссыздық деңгейі. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 151301 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз.
Жаңа жұмыс орындарын құру. 01.01.2026 жылға 12046 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 6906-ы тұрақты жұмыс орны.
Жұмысқа орналастыру. 01.01.2026 жылға қалалық Мансап орталығына хабарласқан азаматтардың саны – 26991, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 4087, есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны - 6603, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,4 пайызды құрады.
Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. 01.01.2026 жылы 17 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 315 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 2850 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 241 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 2098 адам кеңес алды.
2025 жылға 60 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып, 68 адам жолданды.
Жаңа бизнес–идеяларды іске асыруға 564 адамға мемлекеттік грант берілді.
Қоғамдық жұмыстарға 2215 адамды жолдау жоспарланып, 2923 адам жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 100 адамды жолдау жоспарланып, 100 адам жолданды.
Жастар тәжірибесі бойынша 1225 жас маманды жолдау жоспарланып, 1224 адам жолданды.
Күміс жас жобасына 500 адамды жолдау жоспарланып, 501 адам жолданды.
Алғашқы жұмыс орны жобасына 2 жас маманды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды.
Күміс жас жобасына 500 адамды жолдау жоспарланып, 455 адам жолданды.
Алғашқы жұмыс орны жобасына 1054 жас маманды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды.
Жұмыссыздарды тіркеу
1) он алты жасқа толмаған;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) осы Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.
1) жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін ол мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
2) осы Кодекске және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзегеа сыру қағидаларына сәйкес мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттары мен мерзімдерін сақтауға;
3) мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге;
4) мансап орталығына: тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссыз адаммен одан әрі жұмыс істеу тәртібіне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы, бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Жұмыссыздарды есептен шығару
1) мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін уақтылы хабардар етпегенде;
2) мынадай:
мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орны бойынша;
мансап орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін шақыру бойынша үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмегенде;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз адамның осы Кодексте және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзғанда;
5) егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаса, жұмыссыз адам заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанда не мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
6) осы Кодекстің 99-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.