Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 01-03/924 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Меншік иелерінен Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4265,0 (төрт мың екі жүз алпыс бес) шаршы метр жер учаскесінен қажетті көлемі 521,1 (бес жүз жиырма бір бүтін оннан бір) шаршы метр жер учаскелерін жол құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 17 қыркүйек болып белгіленсін. 3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін. 4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын. 5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.