Қазалыда сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді

Қазалыда сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді

 

Қазірде күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық жұмыстары. Наурыз айының басынан бастап ауданымызда санитарлық тазалық жұмыстары басталған болатын.

 Қазалы ауданы бойынша кент, қала және барлық ауылдық округтерде тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Қарамайкөл» аумағы, Водокачка елді-мекеніне барар жол аумағы, Батыс теміржол өткелі мен Бөрқұлақов көшесінің аралығы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, ағаштарды балақталып, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.
Аудан орталығында жүргізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен әрбір тазалық жұмыстары бойынша аймақтардың басшыларына тазалық шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, тазалық шараларына қатысқан мекемелер саны – 120, адамдар саны – 2146, техникалар саны – 41 және 26 тонна бей-берекетсіз қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды.