Тарифтер жобасы бойынша хабарландыру

Тарифтер жобасы бойынша хабарландыру

2024 жылғы 8 сәуірде Департаментпен Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының (бұдан әрі- Филиал) суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне бекітуге берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, Филиалдың  суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтері бойынша тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге берген өтінімдері 2023 жылғы  29 желтоқсанда келіп түсті, оған сәйкес Филиалдың өтінімі уәкілетті органмен 90 жұмыс күн ішінде қаралады.Филиалдың  жобалық орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз: суды магистралдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметіне: 2024 жылға- 956,72 теңге, 2025 жылға- 1112,71 теңгеге, 2026 жылға- 1045,04 теңге, 2027 жылға- 1192,92 теңге, 2028 жылға- 1162,31 теңге, 2029 жылға- 1243,30 теңгеге, ал суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне: 2024 жылға- 725,54 теңге, 2025 жылға- 753,38 теңге, 2026 жылға- 753,39 теңге, 2027 жылға- 777,90 теңге, 2028 жылға- 829,02 теңге, 2029 жылға- 869,21 теңге ұсынылды.Департамент қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Филиалдың тарифтерін бекітуге ұсынған құжаттары қаралуда, атап айтқанда: «шикізат және материалдар», «жанар-жағар май», «энергия», «жалақы», «әлеуметтік салық», «ағымдағы жөндеу» және т.б. баптары бойынша түзетпелер қарастырылуда.Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелермен, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2024 жылдың 15 мамырда қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігі Табиғи

 монополияларды реттеу

комитетінің Қызылорда облысы

 бойынша департаменті