Көктемгі дала жұмыстарының дайындығы пысықталды

Көктемгі дала жұмыстарының дайындығы пысықталды

Бүгінгі аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте көктемгі дала жұмыстарының дайындық барысы қаралды.
Жиында аудан басшысы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітовке көктемгі дала жұмыстарын қайта пысықтап, тұқым дайындау, минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағармай қорын қалыптастыру, техникаларды әзірлеу сынды жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау керектігін айтты. Сондай-ақ ротация тәртібінің сақталуы басты назарда ұстауды ескертті.
«Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаевқа су беру жоспарын нақтылап, шаруашылықтармен тығыз жұмыс жасап, су лимитін бөлу мәселесін қолға алуды тапсырды. Ал, ауыл әкімдеріне әрбір ауыл тұрғындары өздеріне қажетті бау-бақша өнімдерін егіп, өз-өздерін қысқы азықтарымен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Айта кетейік, биыл ауданымызда 17 377 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде негізгі дақыл күріш 6200 гектарға егу жоспарланып отыр.
Мәжілісте күн тәртібінен бөлек кент, қала және ауылдық округтер мен кәсіпкерлік нысандардың тазалық мәселесіде қозғалып, бұған қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктелді.