Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары түсіндірілді

«Қазалы Су-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында кезекті құқықтық оқыту өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қазалы Су-сервис» МКК директоры Ә.Ешмұрат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен оған 2023 жылғы 3 қаңтардағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірді.

 Семинарды қорытындылаған кәсіпорын директоры мекеме қызметкерлеріне

түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына себептерді болдырмау мен тәуекелдерді жою бағытында тиісті жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды.