Қола жүлде қоржында

Қола жүлде қоржында

Мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХVII дәстүрлі спартакиада да жерлестеріміз қола жүлдеге ие болды.
Спорттың 7 түрінен өтіп жатқан жарыста шағын футболдан Қазалы ауданының намысын қорғаған жігіттер үшінші орынға таласта Арал ауданының құрамасын 1-0 есебімен жеңіп, үздік үштіктен көрінді.
Қуантарлығы сол, аталған жарыста екі жыл қатарынан “Үздік қақпашы” атанған Алға ауылдық округінің әкімі Олжас Ахметов пен ерекше ойынымен көзге түскен аудандық құжаттамалық бөлімінің бас маманы Жәнібек Болатбеков облыс құрамасына ілікті. Жерлестеріміз алдағы уақытта мемлекеттік қызметші күніне орай Талдықорған қаласында өтетін республикалық спартакиада да өнер көрсететін болады.