Белгілі бапкер Аманжол Алдамбергенұлын еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтіп жатыр

Белгілі бапкер Аманжол Алдамбергенұлын еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтіп жатыр

Ауданда спорт саласының ардагері, белгілі бапкер Аманжол Алдамбергенұлын еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтіп жатыр.
Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған жарыста іріктелген 6 команда бақ сынауда.
Шараға облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысып, Қазалы топырағында туып, спорт саласының ілгерілеуі жолында аянбай еңбек еткен жанды еске алуға арналған турнирге қатысушы жастарға сәттілік тіледі.