Ерекше балалар үшін ерекше күн

Ерекше балалар үшін ерекше күн

25 мамыр күні жеке кәсіпкер Раушан Қожағұлова 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандағы ерекше балаларға арнап қайырымдылық дастархан жайды.
Мерекелік дастарханға мүмкіндігі шектеулі балалар, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінен қызмет алушы 120 бала қатысты.
Шарада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С.Бабанаев балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын айтты. Сонымен қатар Раушан Алимусақызын аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады.
Мұнан соң жиынға келген ата-аналар да балаларды мерекемен құттықтап, жыл сайын үрдіске айналдырып, қайырымдылық жасап келе жатқан жеке кәсіпкерге және әлеуметтік қызметкерлерге ризашылықтарын білдірді.
Мерекелік кеште балалар аниматорлармен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Сондай-ақ, таратылған тәттілер мен балмұздақтан дәм татып, ерекше әсерге бөленді.