Ең жас сайлаушы дауыс берді

Ең жас сайлаушы дауыс берді

Абай ауылының жас тұрғыны Ербақыт Дәуіржан үшін – бүгін ерекше күн. Ол Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін алғаш рет бүкіл халықпен бірге саяси науқанға қатысуға келіп отыр.
- Бұл менің дауыс беруге алғаш рет қатысуым. Ерекше сезімде болдым. Осындай саяси додада таңдау жасау мен үшін үлкен жауапты сәт. Өйткені, еліміздегі тарихи күні менің де дауысым ескерілетін болады, - дейді ол.
Сайлауға алғаш рет қатысқан жасқа №90 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрсейтова Ғалия естелік сыйлық тапсырды.