Қазалы ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Қазалы ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегі және жеке мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.