Қазалылық жас ғалымдар университет гранттарын жеңіп алды

Қазалылық жас ғалымдар университет гранттарын жеңіп алды

Қазалы ауданында өтіп жатқан "Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан" атты жастар фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Информатика, физика, химия пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары бақ сынаған конкурсқа аудан бойынша 200 талапкер қатысты.

Қорытындысында Жалаңтөс батыр ауылындағы №103 мектептің оқушысы Меруерт Жұмабай Қорқыт ата университетінің 100 пайыз грантын иеленді.

Ал Сарбұлақ ауылынан келген Томирис Кәдірмахан екінші орынмен 50 пайыз жеңілдік еншіледі.

Сонымен қатар, Жамбыл Жабаев атындағы № 234 мектептің оқушысы Бақдаулет Өтеміс үшінші орынды иеленіп, университеттің 25 пайыз жеңілдігін алды.

Мұнымен қоса, білім сайысының жеңімпаздарына аудан кәсіпкерлерінің 150,100,50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақылары табысталды.