Қазалы ауданында 14 наурыз – Көрісу күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Қазалы ауданында 14 наурыз – Көрісу күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Қазалы ауданында 14 наурыз – Көрісу күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атаулы күнге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ақтан батыр ауылына арнайы барып, ауыл ақсақалдарымен қазақы салтпен қауышты. Мұнан соң ауыл балаларының асық ату, ләңгі тебу, қазақша күрес сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарысын тамашалады.
Амал мерекесінде аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тал көшеттерін отырғызып, жұртшылықты Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады. Жиналған көпшілік ауыл аналары дайындаған ыстық нан мен қымыздан дәм татты. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.