Бүгін қазалылық көрермендер Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасының желісінде сахналаған қойылымды тамашалады. Спектакльді тамашалауға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та арнайы барды.
Аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары сахналаған қойылым адал достық пен кіршіксіз махаббатты, адамгершілік қасиеттерін дәріптеді.
Шығармашылық үйінің ұжымы адамзат бойындағы асыл қасиеттерді көрермен көңіліне қапысыз жеткізіп, баршаға өмірді бағалау туралы ой тастады.
Қойылым соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өнер ұжымына алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.