Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар түсіндірілді

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту бағытында ауқымды жұмыстар жасалуда.

Осы орайда, 2023 жылдың 31 қаңтар күні аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ринад Тілептің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірме семинары өткізілді. Семинарға дербес бөлім басшылары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар, №4 үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы түсіндірілді.