Қазалыда көктемгі егіске дайындық пысықталды

Қазалыда көктемгі егіске дайындық пысықталды

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев егін шаруашылығының басшыларымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын талқылады.

Шаруалардың егіс науқанына дайындығы туралы аудан әкімінің орынбасары К.Назымбеков, су шаруашылығы жағдайы жөнінде «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Н.Әбілдаев баяндады.

Биылғы жылы ауданда 17612 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Көктемгі дала жұмыстарына 291 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысады.

Мәжіліс барысында аудан басшысы көктемде келетін мол суды тиімді пайдаланып, егіске жарату бағытында шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, тұқым дайындау, жанар-жағармай қорын қалыптастыру, техникалардың әзірлігі мәселелері пысықталды.