Қазалы ауданының әкімі Басықара ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазалы ауданының әкімі Басықара ауылының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі басталды. Аудан басшысы алдымен Басықара ауылының халқымен жүздесті. Ауданда 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, аудан әкімі өткен жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына да тоқталды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекеннің көгілдір отынға қосылғанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, абаттандыру жұмыстарын күтіп ұстау, электр желілерін жаңарту, жайылымдық жерді заңдастырып беру, спорт кешені мен балабақша ғимаратын салу, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді. Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуден кейін аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.