Қазалылық боксшы қыз алтын медаль жеңіп алды

Қазалылық боксшы қыз алтын медаль жеңіп алды

Сербиядан жаңалықтар келді. Сомбордағы бокстан халықаралық турнирде біздің жерлесіміз Алтын медаль жеңіп алды. Толыбай Зарина 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде серб боксшысын жеңді.
Қазалы ауданының №18 балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары - Руслан Тиграсов пен Мерағанбет Мерген.
Айта кетейік, Зарина Жалаңтөс батыр ауылының №103 мектебінде оқыған. Қазіргі уақытта облыс орталығының спорт мектебінде жалғастыруда.