Қазалыда 3 ауылда дәрігерлік амбулатория салынады

Қазалыда 3 ауылда дәрігерлік амбулатория салынады

Өткен жылы аудан орталығы – Әйтеке би кентінен ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Жұбан мен Жалпақ елді мекендерінде медициналық бекет ашылды.

Алдағы уақытта Бозкөл, Абай, Кәукей ауылдарынан дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, аудан орталығынан 25 төсектік инфекциялық корпус құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.