Қазалыда «Қыс-2022» оқу жаттығу жиыны өткізілді

Қазалыда «Қыс-2022» оқу жаттығу жиыны өткізілді

Бүгін Қазалыда «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу жаттығу жиынына облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков арнайы қатысты.

Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, «Қыс-2022» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамаларымен практикалық әрекеттер өткізілді.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 74 техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырылды.