Жаңа қызметке шығарып салды

Жаңа қызметке шығарып салды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осы күнге дейін аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры қызметін атқарған Кәдірхан Еңсепов басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Басқосуда аудан Кәдірхан Төлемісұлы қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқарған азамат екенін атап өтіп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Өз кезегінде Кәдірхан Еңсепов сөз алып, әріптестеріне және барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдірді.