Қазалыда 600 гектар жерге инфрақұрылым тартылады

Қазалыда 600 гектар жерге инфрақұрылым тартылады

Бүгінгі күні Қазалы ауданындағы өзекті мәселелердің бірі тұрғын үй салу үшін берілетін жер екені жасырын емес. Қазіргі таңда бір ғана Әйтеке би кентінің өзінде қаншама тұрғын кезекте тұр.

Бұл мәселе аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың назарынан түскен емес. Осыған орай биыл кезектілікті азайту мақсатында аудан орталығынан 600 гектар жерге инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.

Жоба жүзеге асқан жағдайда 3 700 тұрғынға жер учаскесі табысталады.

Одан бөлек, мектеп, балабақша және кәсіпкерлік нысандар салуға арнайы жер қарастырылатын болады.