Бозкөл ауылында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Бозкөл ауылында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Жаз айларында кенелердің белсенділігі артып, қоршаған ортаға зиян тигізеді. Осыған орай жыл сайын аудандағы елді мекен аумақтарында зерттеулер жүргізіліп, алдын алу жұмыстары атқарылады.

Аудан көлеміндегі Конго-Қырым геморрвгиялық қызбасының табиғи ошақтары болып табылатын 14 елді мекенге облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы арқылы 12 мамыр мен 1 маусым аралығында көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері Бозкөл ауылына арнайы барып, тұрғындарға кененің қауіптілігі түсіндірілді. Нәтижесінде елді мекендегі 36 қораға ақылы түрде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық ветеринария бөлімі және Қазалы ауданаралық ауруханасы мамандары елді мекендерді аралап, тұрғындарға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алдын алуда залалсыздандыру жұмыстарының маңыздылығы түсіндірілді.