Аудан әкімі сот ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Аудан әкімі сот ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Биыл Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі судья және сот қызметкері күнімен толықтырылды, ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық сот ұжымымен кездесіп, қызметкерлерді биыл алғаш рет тойланып отырған кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мұхтар Әуесұлы аудандық соттың төрағасы Дәурен Әбдіхалықовқа мерекелік «Құттықтау» хатты табыстап, бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

Өз кезегінде аудандық соттың төрағасы Дәурен Әбдіхалықов мерекеге орай құттықтай келген аудан басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.