Көпқабатты тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды

Көпқабатты тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды

Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің бойында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс жұмыстарының басына арнайы барып, тиісті сала басшылары және мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы Мұхтар Оразбаев абаттандыру жұмыстарына қатысты өз ойын айтып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Сондай-ақ, тиісті сала басшылары мен мердігер мекеме қызметкерлеріне құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.