Аудан әкімі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің бойында орналасқан 6 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуді тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін аудан басшысының назарына ұсынып, олардың тез арада шешілуіне көмектесуді сұрады.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары ауыз су, электр жарығы мен жылуға артық ақша төлеп отырмыз деп шағымданды.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторы келмейді, тұрғын үйлердің айналасына камера орнату, жарықшамдардың лампасын ауыстыру сияқты бірқатар мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына айтылған талап-тілектерге сәйкес қажетті мамандарды тұрғындармен кездестіріп, мәселелерді дереу арада шешуді тапсырды.

Ал, учаскелік полиция қызметкерлеріне қатысты мәселе тиісті сала басшыларына ескертіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілетін болды.