Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өз кезегінде тұрғындар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, өз сауалдарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан баспана мен тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік мақсаттағы жер мәселелері қозғалды.

Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.