Қазалыда 250 орындық мектептің құрылысы басталды

Қазалыда 250 орындық мектептің құрылысы басталды

Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 250 орындық мектептің құрылысы басталды. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Ибайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов мектептің алғашқы кірпішін қалап, жаңа ғимараттың іргетасын қалады.

Достық көшесіндегі бұрынғы №170 мектеп орнында білім беру мекемесінің құрылысын "SCS Инжиниринг" ЖШС құрылыс компаниясы жүргізеді. Мектеп екі қабатты. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 2712 шаршы метр.