Қызылорда облысында шағын бизнесті дамыту бойынша 1 975 жоба қаржыландырылды

Қызылорда облысында шағын бизнесті дамыту бойынша 1 975 жоба қаржыландырылды

Жыл басынан бері Қызылорда облысында шағын бизнесті дамыту бойынша 23,8 миллиард теңгеге 1 975 жоба қаржыландырылды. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша 1360 жобаны іске асыруға 20,8 миллиард теңге, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 450 жобаға– 1,9 миллиард теңге, "Өңірлік инвестициялық орталыққа" 165 жоба бойынша 1,15 миллиард теңге бөлінді. Несиелік портфель өткен жылмен салыстырғанда 6 есе өсті. Оған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі, мемлекеттік кепілдіктер лимиттерінің ұлғаюы және кредит беру саласының кеңеюі себеп болды. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндірушілерді қаржыландыру үшін жылдық мөлшерлемесі екі пайызды құрайтын несиелеу бағдарламасы іске қосылды.Ол үшін облыстық бюджеттен "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығына 400 миллион теңге бағытталды. Қазірдің өзінде тауар өндірушілердің 348 миллион теңгеге 14 жобасы бойынша несиелер мақұлданды. Айта кету керек, 2022 жылы несиелеу бағдарламасына екі пайызбен 500 миллион теңге салынды. Қажет болған жағдайда бөлінген қаражат көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған бизнесмендер мен кәсіпкер болғысы келетін жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыру бойынша іс-шаралар жалғасуда. Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жобаға 1,7 миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді.