Ақбайлық 36 отбасы тегін шөппен қамтылды

Ақбайлық 36 отбасы тегін шөппен қамтылды

   Өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына сəйкес мал басын аман сақтап қалу мақсатында ауданымызға жан-жақтан көмекке мал азығы жөнелтілуде.

   Осы орайда кезекті көмек көршілес Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылдық округіндегі "Бидайкөл" шаруа қожалығының қолдауымен 700 прес жоңышқа шөбі жеткізілген болатын. Бүгінде аталған көмек ауданға қарасты Ақбай ауылына жеткізіліп, елді мекендегі 36 тұрмысы төмен отбасыға теңдей таратылып берілді.  

   Осындай қиын кезеңде көмекке асыққан жомарт жандарға ақбайлық ағайынның айтар алғысы шексіз!