«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында электораттық оқыту өтті

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру»  тақырыбында электораттық оқыту өтті

Ағымдағы жылдың 22 маусымында Қазалы ауданында «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында электораттық оқыту өтті.

Оқытуды өткізуге облыстан ауданымызға арнайы келген топ құрамында Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Наурызбаев Қожамжар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының аға әдіскері Тұрабаева Ақмарал Айдарқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы болды.

Электораттық оқытуға аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Оқыту барысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері, ауылдық деңгейдегі сайлау барысында сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету, сайлау күнгі «іскерлік ойын» және басқа да тақырыптық мәселелер қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қамтыла отырып қаралды.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан пікір алмасылды.