Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті. Әйтеке би кентінен салынып жатқан 600 орындық мәдениет үйіндегі кездесуге қоғам қайраткері, Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов бастаған ақсақалдар мен еңбек ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш қатысты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалыда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің «Қарлаң» өткеліне салынатын көпірдің жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өтіп жатыр. Сонымен қатар, жақын арада Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығынан салынатын 12 пәтерлі 12 жалдамалы тұрғын үйлердің сараптама қорытындысының мерзімі аяқталуға жақын қалды. Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Сырдария өзеніндегі «Қарлаң» өткеліне арнайы барып, қазіргі жағдайын көзбен көрді. Жұмыс сапары кезінде Серік Ахмет аудан әкімдігінен ашылған «Баспасөз орталығының» жұмысын көрді. Сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметімен де танысты.