Қазалыда құран жаттау орталығының іргетасы қаланды

Қазалыда құран жаттау орталығының іргетасы қаланды

Бүгін Қазалыда аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Абуовтың қатысуымен «Жанқожа батыр» атындағы құран жаттау орталығының іргетасы қаланды.

Айта кетейік, орталық аудандағы дін жанашырларының демеушілігімен салынып жатыр. Екі қабатты жаңа ғимарат ішінде шәкірттерге арналған жатын бөлмелер, сыныптар, ұстаздарға арналған бөлмелер, асхана, кітапхана сынды бөлмелер салынады деп жоспарлануда. Игілікті істің басы-қасында «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов бастаған жанашыр азаматтар жүр.