Жаңа қаптамада ғасырдан астам тарихы бар, ажары алыстан менмұндалайтын Қазалының теміржол вокзалы бейнеленген.
Қазалы қаласындағы конфет цехына арнайы келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа жеке кәсіпкер Фатима Қазбергенова өзінің кәсібі туралыжан-жақты айтып берді.
«Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын. Қазіргі таңда цехта конфеттің жалбыз (ащы), барбарис, саломка (бор кәмпит), ала кәмпит сияқты 8 түрі шығарылуда. Бүгінде «Саломка», «Барбарис», «Маусым», «Қазалы» кәмпиттеріне сұраныс жоғары. Цехта 7 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
Цехтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, кәсібі өрлей беруіне тілектестігін білдірді.