ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді?

ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді?

2021 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісім (Бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардыөз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп беруге тиіс дегенді білдіреді.

Осылайша өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабына сәйкес зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады деп көзделген:

              Келісім күшіне енгеннен кейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағында еңбек етіп, жинақталған жұмыс өтілі үшін сол мемлекет тағайындайды және төлейді;

Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Мысалы, енді Қазақстанда жұмыс беруші еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу кезеңінде қазақстандық кәсіпорында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО елі азаматының (Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей) табысын, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын міндетті түрде ай сайын есептеп, ұстап тұруға және оларды Қазақстанның зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударып отыруға міндетті. Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстанда Келісімді жүзеге асыру бойынша құзыретті орган болып табылады.

              Бұл болашақта еңбеккерге қазақстандық заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген болса, 1 және 2-топтардағы мүгедектік белгіленген кезде өзі қалыптастырған зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, егер еңбекшініңЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағында жинақтаған жұмыс өтілі зейнетақыалуға (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда) құқықтың туындауы үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерінде, оның ішінде мұндай жұмыс өтілі уақыт бойынша сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Келісім күшіне енгенге дейін жинақтаған жұмыс өтілі ескерілетін болады. Бұл үшін ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары ЕЭК-пен бірлесіп,ЕАЭО-ға мүше елдердің уәкілетті және құзыретті органдары әзірлеген тиісті ақпараттық формалар арқылы еңбеккердің еңбек өтілінің болуы туралы ақпаратпен алмасатын болады.

Бұдан басқа, Келісімнің ережелеріне сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында еңбекшілерді мүгедектікті белгілеу үшін медициналық тексеруден өткізу еңбеккердің тұрғылықты елінің заңнамасы бойынша, ал мүгедектік тобы мен мерзімін белгілеу үшін куәландыру еңбеккер жұмысқа орналасқан, мүгедектік бойынша зейнетақы тағайындайтынелдің заңнамасы бойынша жүргізілетін болады.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбеккерге зейнетақының жұмыс кезеңіне және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлігін төлейтінін ескере отырып, ЕАЭО елдерінің еңбекшіазаматтары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеуі, яғни міндетті түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасасулары қажет.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің толық мәтінімен мына жердетанысуға болады.

Сондай-ақ, назарларыңызға жеке және заңды тұлғалардың Келісім нормаларын қолдану шеңберінде қойған сұрақтарына берілген жауаптарды ұсынамыз (еренсілтеме енгізу).