Әйтеке би кентіндегі №56 сайлау учаскесінде Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Аудан орталығындағы №56 сайлау учаскесі аудандық оқушылар үйінде орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов келіп, өзі таңдаған партиясына дауыс берді.