Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Қызылорда облысының әкімдігі сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Saylau.orda.gov.kz сайтын іске қосты.

​Saylau.orda.gov.kz сайтында өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретініңізді, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (Google картадан) көре аласыз.

Егер Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз немесе тіркелген мекен жайыңыз көрсетілген сайлау учаскесінің шекарасында болмаса, сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша сайтта көрсетілген нөмірлерге, сондай-ақ 400-200, 109 ) Call-орталықтарына хабарласа аласыз.