Ауданда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған рейдке аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев, Мансап орталығының директоры Болатбек Баймаханов қатысып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Айта кету керек, мұндай рейдтік іс-шаралар ауданда күнделікті негізде жүргізіледі. Арнайы құрылған мобильді топтар бірнеше бағытқа бөлініп, ойын-сауық орындары, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарды қамтып, жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауына және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.
Мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-ана жауапкершілігін арттыру және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.