Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылды

Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылды

2025 жылы Қазалы ауданында елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ауданда жалпы газбен қамтудың индикаторлық үлесі елді мекендер бөлінісінде 21,4 % құрайды. Ал, жеке тұрғын үйлердің 75,8 % көгілдір отынға қосылған (барлығы - 15903 үй, 12056 үй газдандырылған).

2024 жылдың аяғында Қазалы ауданындағы Абай ауылы және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылды.
2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына қаржы бөлініп, жұмыстар толық атқарылды. 2025 жылы ауданымыз 75 пайызға газбен қамтылып отыр.
2026 жылға Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2026 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.