Шетелде демалуды жоспарлаған туристердің назарына!

Шетелде демалуды жоспарлаған туристердің назарына!

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстан туристерін-азаматтарын үйлеріне уақтылы қайтару мақсатында "Туристік Қамқор"корпоративтік қоры әкімшісі болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі құрылды.

Шетелге шығу кезінде туркод алу тетігі әзірленді, бұл біздің еліміздің азаматтары үшін саяхаттың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сапарды рәсімдеу алдында сайтта орналасқан турагенттіктер тізіміне жүгініңіз www.fondkamkor.kz "турагенттер". Бұл тізім шығу туризмі саласындағы ҚР заңнамасын адал орындайтын турфирмалардан қалыптастырылды.

Турды сатып алу кезінде турагенттіктен ТУРКОДТЫ міндетті түрде талап етіңіз.

ТУРКОДТЫ міндетті түрде беру көрсетілуі тиіс қызмет көрсету шартына назар аударыңыз.

Сіз ТУРКОДЫҢЫЗДЫ сайтта тексере аласыз www.fondkamkor.kz "туркодты тексеру" бөлімінде. ТУРКОДТЫ тізілімге енгізу туроператор өз міндеттемелерін орындамаған немесе орындау мүмкін болмаған кезде сізге Қазақстанға қайтаруға кепілдік берілгенін білдіреді.

Барлық сұрақтар бойынша "Туристік Қамқор" КҚ-ға телефон арқылы хабарласа аласыз.: 8 7172 279112, 8 701 534 0580.