
Әйтеке би кентінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға кезекке сәйкес 80 пәтерлік 40 тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Оған құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, тұрғын үйлер құрылысын салған азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров қазалылықтарды қоныстоймен құттықтап, қоғам қайраткері Самұрат Имандосов бата берді.
Айта кетейік, өңірде 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне айналған. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) табысталды. Биыл 3 600 пәтерлік үйлер салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.
Қазалы ауданында өткен жылы 148 пәтерлік 74 тұрғын үй табысталған болатын.